13
декабрь
2024
"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ"
"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 ЖОББМ 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілі пән мұғалімдері 6-сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!" тақырыбында эссе жазу жұмысын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын, ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйрету. Оқушылар эссе жазу барысында Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, өздерінің ой-пікірлерін жоғары дәрежеде жеткізе білді.


