03
декабрь
2025
«ХХІ-ғасыр-білім мен ғылым ғасыры!» интеллектуалды сайысы болып өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінің «Цифрлы дәуір-ғылыми ізденіске жаңа тыныс» атты физика және информатика пәндер апталығының жоспарына сәйкес бүгін мектебімізде«ХХІ-ғасыр-білім мен ғылым ғасыры!» интеллектуалды сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Физика, информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру. Оқушылар заманауи техникалық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Сайыс сұрақтары физиканың заңдылықтары мен информатиканың алгоритмдерін біріктіретін тапсырмалардан құралды. Қатысушыларға ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөліне қатысты сұрақтар қойылды. Сайысқа қатысушы командалар білім бәсекесінде белсенділік танытып, XXI ғасырдың талабына сай жан-жақты дайындықтарын дәлелдеді.

