03
ноябрь
2025
31 қазан күні жүректі ауыртар хабар келді…
31 қазан күні жүректі ауыртар хабар келді…
Кеше ғана қатар жүрген, жылы жүзімен жанымызды жылытқан,
сан шәкірттің болашағына жол ашқан қадірлі әріптесіміз Шойра Эшхожаевна өмірден өтті дегенге сену қиын…
Математика әлемін бала жүрегіне ұялата білген,
сабыр мен парасаттың, мейірім мен әділдіктің үлгісі болған асыл жан еді.
Ол кісінің әр сабағы — білімге шақырған бір шырақ,
әр сөзі — ұлағатқа толы өсиет еді.
Бірге өткізген сәттер, ортақ күлкі мен еңбектің қуанышы —
бәрі де жүректе естелік болып қалды.
Өмір жолыңыз – адалдықтың, еңбектің және ұстаздықтың айғағы.
Сіздің артыңыздан жақсы сөз, ризашылық пен шәкірт дұғасы қалды.
Жаныңыз жәннатта, иманыңыз жолдас болсын, ардақты әріптес…
Жатқан жеріңіз нұрға толы, топырағыңыз торқа болсын.
Мәңгі естен кетпес бейнеңіз жүрегімізде сақталады… 
Ізгі естелікпен – мектеп ұжымы.

