24
октябрь
2025
«Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
17.10.2025ж күні №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Шараның басты мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Оқушылар өз эсселерінде Қазақстанның тарихы, табиғаты, болашағы жайлы ой қозғап, туған жерге деген жүрекжарды сезімдерін шынайы жеткізе білді. Әрбір шығармада елге, жерге деген мақтаныш, құрмет анық байқалды.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл шара оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда және шығармашылық қабілеттерін шыңдауда үлкен рөл атқарды.
Нәтижесінде:
1 орын.
Шаяхмат Райана 5 Ә сынып
Турсынкұл Балсая 9 А сынып
Әмірбек Мереке 7 А сынып
Балтабай Раиса 9 А сынып
2 орын
Орумбай Шұғыла 5 А сынып
Нарзиқұл Аделя 7 А сынып
Құрал Іңкәр 9 А сынып
Бердалы Диас 9 А сынып
3 орын
Бақытқызы Гүлсана 7 А сынып
Холшабек Мөлдір 7 А сынып
Амангельдиева Асия 7 А сынып
Көшкінбай Ақсезім 9 А сынып



