10
октябрь
2025
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 10 қазан күні "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 8–11 сынып оқушыларына Шымкент КПД Енбекші АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Мамутов Казыбек Анарбекұлы жасөспірімдердің міндеттері және өмір қауіпсіздігін сақтау туралы ақпараттармен бөлісіп, заң талаптары мен таныстырды. Сондай-ақ , әрбір жасөспірімді қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күреске, атсалысуға шақырды..Сондай-ақ кездесу барысында оқушыларға ұрлық, тонау, заңсыз әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, темір тордың арғы бетінде жүрген жасөспірімдердің өкініші туралы бейнематериалдар ұсынылды. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ, қоғамда дұрыс мінез-құлық қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл кездесу жасөспірімдердің өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға түрткі болып, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге бағытталды.
Жасөспірімдерге оқушы міндетін қатаң сақтап, патриот азамат болып өсуге кеңес беріп, оқушыларға өз ақыл-кеңестерін айтты.

