Ұлдар жиналысы » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2025
0

Ұлдар жиналысы

 
Ұлдар жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 134 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.09.2025 ж. күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қатысқандар: ДТЖЖО  А. Елубаев, ұлдар ұйымының төрағасы Қ. Алишеев, АӘД пәні мұғалімі Қ. Пазылов, пән мұғалімдері. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ДТЖЖО А. Елубаев мектептің iшкi тәртіп ережелерімен  таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайында, жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұлдар жиналысына 7-11 сыныптар бойынша барлық ұл балалар қамтылды.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив