22
сентябрь
2025
"Еңбек түбі — береке"
22.09.2025 жылдың №134 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-”А” сыныбының тәрбие сағатының тақырыбы: "Еңбек түбі — береке"
Мақсаты:
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу. Еңбектің маңызын ұғындыру арқылы жауапкершілік пен өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру.
Тәрбие сағатында айтылған мәтін:
Еңбек — тіршіліктің тұтқасы, өркендеудің өзегі. "Еңбек етсең – емерсің", "Еңбекпен ел көгерер" деген халық даналығы бекер айтылмаған. Себебі адам не ексе, соны орады. Шынайы жетістікке жетудің жалғыз жолы — табанды еңбек пен маңдай тер.
Еңбек тек ақша табу емес. Ол — тәртіпке, төзімділікке, табандылыққа үйрететін ұстаз. Еңбек арқылы адам өз арманын орындайды, мақсатына жетеді, қоғамға үлес қосады. Қай істі болмасын сүйіспеншілікпен, адал ниетпен атқарсаң — сол ең үлкен береке.
-Оқушылар, сендер бүгінгі еңбектерің — білім алу. Осы білімге деген талпыныс ертеңгі табысты болашақтың негізін қалайды. Бүгінгі сабаққа, өмірге деген ықыласың ертеңгі бақытың болады.
Сынып жетекші: Н.М.Адилбекова.




