01
май
2021
Қоршаған ортаның тазалығы
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен №134 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы мектеп аумағын тазартуға, көгалдандыруға үлес қосып, сенбілік өткізді. Қала көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мектеп қызметкерлері бір кісідей атсалысып, бөлінген аумақтарды қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш түптерін қопсыту жұмыстарын қарқынды жүргізді. Ынтымақты жұмыс жасауды әдетке айналдырған әріптестер ортақ мекеніміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.





