ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
19
май
2025
0

ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, 2024-2025 оқу жылының оқу жоспарына сай 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны курсы 2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында ұйымдастырылады.
          Аталған оқу-дала жиыны №134 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілді. Оқу жиынының күн тәртібі мектептің күнделікті сабақ кестесіне сәйкес сағат 14:00-ден 17:30-ға дейінгі уақыт аралығында жоспарланған.
            Оқу-дала жиынының мақсаты – ұл балаларға бастапқы әскери дайындық бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, ал қыз балаларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәжірибесін үйрету болып табылады.
             Іс-шара барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылау, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, сондай-ақ материалдық-техникалық база жабдықтарының ретке келтірілуі басты назарда болады.
              Оқу жиынына дайындық барысында ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда оқушылардың әскери (камouflage) киім үлгісі, жалпы талаптар мен қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
              Осыған байланысты, №134 жалпы орта білім беретін мектебінде оқу-дала жиыны 2025 жылдың 19 мамырынан бастап ұйымдастырылып, тиісті тәртіппен өткізілуде.




 










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив