
"ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ"

ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №10-08-07/118 хатына сәйкес, Шымкент қаласының білім басқармасының Әдістемелік орталығы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала мектептерінде 2025 жылғы 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында "TazaLike" FEST экологиялық фестивалі өткізілуде.

N134 жалпы орта білім беретін мектебіміздің бітіруші түлектері "Түлектердің ағаш егуі" атты эко-челленджін сәтті жүзеге асырылды. Бұл игі іс — түлектердің табиғатты аялауға деген қамқорлығының, туған жерге деген сүйіспеншілігінің, жарқын көрінісі болды. Әр отырғызылған ағаш — болашаққа қалдырылған жасыл аманат.

Біз өз тарапымыздан бұл челленджді қаладағы өзге де мектептердің бітіруші түлектеріне жолдай отырып, барлық жастарды қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Жасыл болашақ – өз қолымызда!