ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
06
май
2024
0

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
🔷 Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек  финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті.
🔷 Таеквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.
🔷 Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде қаламыздан 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия Чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан Әлем Чемпионатында да өнер көресететін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив