01
май
2024
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ- ҚАЗАҚСТАН
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ- ҚАЗАҚСТАН
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 134 жалпы білім беретін мектебінде 30.04.2024ж күні 8 "Ә"- сынып жетекшісі Молдабекова Гаухар және 5 "А"- сынып жетекшісі Құрманбек Майра оқушыларымен бірге 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін оқушылар бойына жеткізу. Қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру. Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында оқушылар достық туралы монолог айтып, ұлт өкілдерінің билерін билеп, ынтымақ, бірлік туралы өлең шумақтарын айтты.
Іс -шараның соңында ДТЖЖО Елубаев Абай ағай сөз сөйлеп, оқушыларды "Қазақстан халқының бірлігі күнімен" құттықтады.
"Бірлігі күшті -ел озады" деген. Қазақ елінде ұлт пен ұлыстың татулығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп ілгері дамып келе жатыр. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. Еліміздің бірлігі мен ынтымағы әрқашан биік болсын. 





