13
июнь
2023
№ 134 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021- 2022 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі
10.10.2021ж.Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында 5-6-7сынып оқушылары арасында асфальтке сурет салу байқауы болып өтті. Байқауға оқушылар белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаз болған оқушылар марапатталды.

08.10.2021ж күні мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жанар Жаштаева мен Лаззат Садибековабасшылығында мектеп тәлімгерлері Балгул Жунусова мен Аяужан Журабекова ұйымдастыруымен 1-8-сыныптар аралығында "БЕРЕКЕЛІ - АЛТЫН КҮЗ" тақырыбында көкөністер мен жемістерден жасалған қолөнер байқауы болып өтті. Байқауға барлық сыныптар белсенді түрдеқатысты. Байқау нәтижесі бойынша:
І орынды 1"В", 1"Б", 2"Ә", 3"Ә" 7"А" - сынып оқушылары иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" іс-шарасы негізінде "Алтын күз - 2021" байқауы болып өтті. Байқауға 8-10-сыныптар қатысып, "Күз ханзадасы мен ханшайымы" анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - 8"А"-сынып оқушылары Байтемір Жасұлан мен Мавлянова Оразгүл;
І орын - 10"Ә"-сынып оқушылары Жайынбай Мейіржан мен Авезханова Ақерке;
ІІ орын - 9"А"-сынып оқушылары Атамұратов Нұрсұлтан мен Аманкелдиева Айгерім;
ІІІ орын - 8"Ә"-сынып оқушылары Асан Данияр мен Алиева Мейрамгүл;
"Жарасымды жұп" номинациясымен 10"А"- сынып оқушылары Мұса Мұнар мен Эргешова Алсу;
"Сымбатты жұп" номинациясымен 8"Б"-сынып оқушылары Тұрсынқұл Бейбарыс пен Нишанбай Арайлым марапатталды.
Ұйымдастырушылар: ДТЖЖО, тәлімгерлер.

Мектепте "Бәйшешек" кітабының авторы, жазушы Жәмила Бахтиярқызымен кездесу кеші болып өтті.
"Сыр-сұхбат" кешінің мақсаты - оқушыларымызды жерлес жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сұхбат барысында Жәмила Бахтиярқызы өмір жолын, шығармашылығын баяндап берді. Мектебіміздегі Жас ақындар клубының мүшелері жазушымызға арнап шығарған шығармашылық туындыларын айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Мектептің 7-сынып оқушылары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы дала өркениетінің жеті қыры" мақаласының аясында Қазақстан Республикасының мәдени тарихи ескерткіштерін жинақтап, сақтап, осы бағыттағы құндылықтарды көпшілікке насихаттау мақсатында "Шым қала" тарихи-мәдени кешеніне экскурсия жасады.

08.10.2021ж күні мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жанар Жаштаева мен Лаззат Садибековабасшылығында мектеп тәлімгерлері Балгул Жунусова мен Аяужан Журабекова ұйымдастыруымен 1-8-сыныптар аралығында "БЕРЕКЕЛІ - АЛТЫН КҮЗ" тақырыбында көкөністер мен жемістерден жасалған қолөнер байқауы болып өтті. Байқауға барлық сыныптар белсенді түрдеқатысты. Байқау нәтижесі бойынша:
І орынды 1"В", 1"Б", 2"Ә", 3"Ә" 7"А" - сынып оқушылары иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" іс-шарасы негізінде "Алтын күз - 2021" байқауы болып өтті. Байқауға 8-10-сыныптар қатысып, "Күз ханзадасы мен ханшайымы" анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - 8"А"-сынып оқушылары Байтемір Жасұлан мен Мавлянова Оразгүл;
І орын - 10"Ә"-сынып оқушылары Жайынбай Мейіржан мен Авезханова Ақерке;
ІІ орын - 9"А"-сынып оқушылары Атамұратов Нұрсұлтан мен Аманкелдиева Айгерім;
ІІІ орын - 8"Ә"-сынып оқушылары Асан Данияр мен Алиева Мейрамгүл;
"Жарасымды жұп" номинациясымен 10"А"- сынып оқушылары Мұса Мұнар мен Эргешова Алсу;
"Сымбатты жұп" номинациясымен 8"Б"-сынып оқушылары Тұрсынқұл Бейбарыс пен Нишанбай Арайлым марапатталды.
Ұйымдастырушылар: ДТЖЖО, тәлімгерлер.

Мектепте "Бәйшешек" кітабының авторы, жазушы Жәмила Бахтиярқызымен кездесу кеші болып өтті. "Сыр-сұхбат" кешінің мақсаты - оқушыларымызды жерлес жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.