01
декабрь
2022
«Сапалы білім беру - жарқын болашақ кепілі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 30.11.2022ж. №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім беру - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында мектеп мұғалімдері арасында дебат турнирі өткізілді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
І. Осы ереже «Сапалы бiлiм беру жарқын болашак кепілі» білім беру ұйымдарынын - мектеп мұғалімдері арасында өтетiн дебат турнирінің (бұдан әрi - турнир) мақсат- мiндеттерiн және өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
II. ТУРНИРДІҢ МАҚСАТЫ: Мектеп мұғалімдері арасында ораторлық мәдениетті, тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып, пікірсайыс арқылы толық қанды насихаттау;
Қарастырылатын тақырыптар:
1. БП құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жолдарды ұсынады.
2. БП отбасындағы әке рөлін жоғарылатудың тиімді жолдарын ұсынады.
3. БП қазақ халқының ең маңызды салт-дәстүрін көрсетеді.
Жеңіске жеткен мұғалімдер:
І орын. Тарих пәні бірлестігі мұғалімдері: Сапанова Қ, Қозыбай А.
ІІ орын. Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдері: Жунусова Б, Байшалова Г.
ІІІ орын. Орыс тілі және әдебиеті пәні бірлестік мұғалімдері: Режаметова Ф, Утенбаева Д
ІІІ орын. Математика пәні бірлестік мұғалімдері: Исабекова Р, Мирхамидова З.




