Олипиадалар, Жарыстар
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып 3-4-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен "Алтын Сақа" олимпиадасының облыстық кезеңінің 2025 жылғы 18-сәуір күні №69 жалпы орта білім беретін мектебі базасында өткізді. Ақтық кезеңде Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан қатысқан 230 оқушының ішінен олимпиада нәтижесіне сай мектебіміздің 4 “А”-сынып оқушысы Исабек Мейірлан мақтау қағазымен МАРАПАТТАЛДЫ. Жетекшісі Ерсейітова Гүлжахан апайға алғыс айтамыз.

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып 5-6- сынып оқушыларына арналған математика пәнінен "Алтын Сақа" олимпиадасының облыстық кезеңінің 2025 жылғы 11- сәуір күні №69 жалпы орта білім беретін мектебі базасында өткізді. Ақтық кезеңде Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан қатысқан 230 оқушының ішінен олимпиада нәтижесіне сай мектебіміздің 5А- сынып оқушысы Маликова Аружан III-дәрежелі дипломмен
МАРАПАТТАЛДЫ. Жетекшісі Исабекова Роза апайға да алғыс айтамыз.

Шымкент қаласының "Дарын" орталығы КММ "Зерделі ақыл-ой дамыту мектебінің 2024жылғы 5 қаңтардағы √97хатына сәйкес алғаш рет 7-9сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын Сақа" олимпиадасы өтті. √134 жалпы орта білім беретін мектебінің 9"А"-сынып оқушысы Бахтиярова Дина мектепішілік кезеңнен өтіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңнен II-орын иеленді. Жетекшісі Мамутова Гаухар апайына алғысымызды білдіреміз.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында 2-10 сынып оқушыларына арналған қалалық Абай оқулары байқауының Еңбекші ауданында болып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлы ақынның мол мұрасын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын ояту болды.Байқауға мектебіміздің 4-сынып оқушысы жеңімпазы Тұрсынқұл Жансерік қатысып, III-дәрежелі диплом орын алды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Еңбекші ауданы бойынша жеңімпаз атанған оқушымыз Жансерікке және оның жетекшісіне Ерсейітова Гүлжаханға арнайы диплом мен бағалы сертификаттар табысталды.
Жетекшісі Ерсейітова Гүлжаханға алғыс білдіреміз.
«АЛТЫН ТҮЛЕК» ОЛИМПИАДАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып 10-11 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен "Алтын Түлек" олимпиадасының республикалық кезеңін 2025 жылғы 5 сәуір күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында өткізді. Ақтық кезеңде Шымкент қаласының білім беру ұйымдарынан қатысқан 200 оқушының ішінен ынталандыру мақсатында ойнатылған 1 дана "Ташкент тур" жеңімпазы Бахтиярова Дина атанды.
Олимпиада нәтижесіне сай мектебіміздің шәкірттері мынадай нәтижелер көрсетті:
1. II-дәрежелі диплом және оқу курсына 50% жеңілдікпен 10 "Ә" сынып оқушысы Халшабеков Азамат
2. Грамота және оқу курсына 30% жеңілдікпен 10 "А" сынып оқушысы Бахтиярова Дина
МАРАПАТТАЛДЫ.

"Pro Eco"
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА
Шымкент қаласы Дарын орталығы ұйымдастырған 5-8сынып оқушыларына арналған "Pro Eco" экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңіпазы 7 "А"сынып оқушысы
ЕЛАМАН ЖАСМИН I- дәрежелі диплом КУАНЫШОВА ХАТИРА мадақтамамен марапатталды.

Қалалық «Үздік сабақ жоспары» атты сырттай байқауда озық идеялы іс- тәжірібесін ұсынғаны үшін №134 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

№514 бұйрық негізінде ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған пәндер бойынша «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасына №134 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.