«Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу байқауы
17.10.2025ж күні №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Шараның басты мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар өз эсселерінде Қазақстанның тарихы, табиғаты, болашағы жайлы ой қозғап, туған жерге деген жүрекжарды сезімдерін шынайы жеткізе білді. Әрбір