Дініңді сақта
Діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында №134 жобб мектебінде 7-11 сынып оқушылары арасында “Дініңді сақта” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушыларға «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп өтті. Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.