12
ноябрь
2024
ЖОШЫ ҰЛЫСЫ –ҰЛЫҚ ҰЛЫС» ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА - 800 ЖЫЛ.
ЖОШЫ ҰЛЫСЫ –ҰЛЫҚ ҰЛЫС» ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА - 800 ЖЫЛ.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
134 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасы «ЖОШЫ ҰЛЫСЫ –ҰЛЫҚ ҰЛЫС» ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА - 800 ЖЫЛ тақырыбында презентация ұсынды.
Ұлық ұлыс – Жошы ұлысы. Мемлекет басшысының шешімімен 2024 жыл «Жошы ұлысының 800 жылдығын республика деңгейінде кең көлемде атап өту» жылы болып жарияланды.
Қара шаңырағы алғаш қазақ даласында көтерілген Жошы ұлысы Европа мен Азияны жалғап жатқан ұлы дала тарихындағы өте сирек құбылыс. Бұл адамзат тарихындағы ұзақ уақыт сақталған державалардың бірі. Жошы ұлысы державасы- 260 жыл салтанат құрды.
Жошының қазақ тарихынан алатын орны сіңірген еңбегімен өлшенеді. Шыңғыс ханның Еуразияны бағындыруында Жошының және оның ұрпақтарының атқарған істері қазақ ұлтының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуына белсенді рөл атқарғаны белгілі.