15
апрель
2024
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2024 жылдың 11 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді. Химия биология бірлестігінің ұйымдастырылуымен мектебіміздің 10-сынып оқушылары бір-бірінен табиғат туралы ой -пікірлерін тыңдап, сұхбат жүргізді. Әрбір оқушы өз ойларын анық жеткізіп, тиянақты жауап берді. Мектеп ауласын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жандандырды. Алдағы уақытта бұл акция жалғасын табады. Көктемгі ағаш егу дәстүрі өткізілді.
Мақсаты: Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғат пен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз.

