«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
17
ноябрь
2023
0

«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ

«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
Шымкент қаласы  білім басқармасына қарасты  № 134  жалпы орта білім беретін мектебі 2023 жылғы 17 қараша күні «Алтын сақа»  республикалық челленджіне қатысты.  Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Бес табан», «Бес асық» ойындары ойналады (шамамен ұзақтығы 15 мин) 
Челлендж мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу. Челлендж міндеті: ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу. 
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Ойын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив