24
октябрь
2023
«Жас Ұлан»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан- Республика күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс- шарада мектеп директоры А.Б.Қасжанов оқушыларды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.






