17
октябрь
2023
ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ
МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жас ұрпақтың салауатты денсаулығын қалыптастыру үшін оқушылардың мектеп қабырғасында дұрыс, толыққанды тамақтануы маңызды. Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға ыстық тамақ беру үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына және оның құнарлылығына аса мән берілуі тиіс. Мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс - аяқтың тазылығы, санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық - түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда, №134 орта мектеп асханасының талапқа сай жұмыс істеуін қадағалау мақсатында мониторингтік топ мектеп асханасындағы барлық талаптардың орындалуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында жоғарыда көрсетілген талаптардың уақытында дұрыс орындалып жатқанын байқап, мектептегі тамақтану барлық қауіпсіздік стандарты мен талабына сай болуы керектігін ескертті.