08
сентябрь
2023
"Тілдер мерекесі"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 5-қыркүйек күні "Тілдер мерекесі" күніне орай "Тіл тазалығы" тақырыбында онкүндіктің ашылуы болып өтті.
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы –тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиеғт зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыпкүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы адам бойына адам нәрін еккен Ұлттың Ұлы ұстазы терең ұйқыда жатқан халықты сары маса болып ызыңдап оятып, қазақ санасын сілкіткен ағартушы. Әліппе мен ана тілі оқулықтарын тұңғыш ғылыми айналымға түсірген ғалым.


