«Терроризмге жол жоқ» сурет байқауы » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Терроризмге жол жоқ» сурет байқауы
26
январь
2026
0

«Терроризмге жол жоқ» сурет байқауы

«Терроризмге жол жоқ» сурет байқауы
Шымкент қаласы №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 19–23 қаңтар күндері аралығында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларға терроризм мен экстремизмнің қоғамға қауіпті екенін түсіндіру, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызын ұғындыру, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар өз суреттері арқылы бейбіт аспан, тату қоғам, достық пен бірлік, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты көркем түрде бейнеледі. Әрбір жұмыста оқушылардың ел болашағына деген жанашырлығы мен патриоттық сезімі айқын көрініс тапты.
Байқау жұмыстары тақырыпты ашу деңгейі, көркемдік шеберлігі, мазмұндылығы және шығармашылық идеясы бойынша бағаланды. Оқушылар терроризмнің адам өміріне қауіпті екендігін түсініп, бейбіт өмірді сақтаудың маңызын терең ұғынды.
Байқау қорытындысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосты.


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив