14
март
2025
☘️ТАБИҒАТТЫ АЯЛА☘️
Бұл іс-шараға әр сыныптан шыққан жас экологтармен өлкетануға қызығушылығы мол оқушылар арнайы тақырыптар бойынша өз зерттеулерін дайындап келіп, оқушыларға таныстырды. Бұл форумда оқушылар "Экология ғылымының маңыздылығы", "Су экологиясы","Ауаны ластаудан қорғау", " Судың маңызы", " Табиғи ластануды тоқтату" " Ормандардың табығатқа маңызы", " Табиғи ресурстарды қорғау" сияқты өзекті мәселелер төңірегінде өз зерттеулерімен таныстырды. Бұл форум оқушылар үшін өте қызықты, танымдық және пайдалы болды. Барлық оқушылар мектеп айналасындағы табиғат аясына шығып, тазалық іс-шараларын жүргізді, табиғаттың тазалығы бүкіл адамзат үшін маңызды екенін оқушылар өз ісімен көрсетті!



