25
ноябрь
2025
3 «А» сынып жетекшісі Аренова Кулайшаның ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.
25.11.2025ж күні Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығы негізінде «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Біздің әрқайсымыз ерекше» тақырыбында 3 «А» сынып жетекшісі Аренова Кулайшаның ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылар өздерінің бірегейлігін сезіну, өзін-өзі оң бағалау, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтауына ықпал ету.



