14
ноябрь
2025
«Адал азамат»
14.11.2025ж күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қараша айының жұмыс жоспарына сәйкес, "Шабыт" жобасы аясында №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен театрландырылған ертегі қойылымы қойылды. Қойылым "Ит өзіне қалай дос іздеді" тақырыбында қойылды. Мақсаты: оқушылардың өнер, білімге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар сахна мәдениетін, сөйлеу мәнерін ұғындыру. Оқушылар өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Ертегіні балалар қызыға тамашалады.
Балалардың жан дүниесін байытып, тәрбие мен өнерді ұштастырған бұл игі шара жалғасын таба берсін!




