04
ноябрь
2025
"Ыстық ұя" көркем фильміне барып қайтты.
2025 жылдың күзгі демалыс күндері №134 жалпы орта білім беретін мектептің 5"А" сынып оқушылары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен қазіргі таңда көрермен сұранысына ие "Ыстық ұя" көркем фильміне барып қайтты.
Бұл шараның мақсаты: оқушылардың демалыс уақытын мәдени әрі мазмұнды өткізу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өмірлік маңызы бар тақырыптар жайында ой қозғауға бағыттау. Фильм мазмұны балалардың қызығушылығын тудырып, өзара пікір алмасуға себеп болды.
Кино соңында оқушылар фильмнен алған әсерлерін ортаға салып, отбасы, тәрбие, жанұялық жауапкершілік жайлы ой бөлісті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға рухани демалыс пен тәрбиелік мәні бар әсерлі кездесу сыйлады.
Ұйымдастырушы мұғалім: М.Н.Адилбекова

