27
октябрь
2025
«Әкеме хат» тақырыбында тәрбие бағытындағы сабақ ұйымдастырылды.
2025 жылдың қазан айының кәсіби бағдарлау сабағында №134 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен «Әкеме хат» тақырыбында тәрбие бағытындағы сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды отбасы, еңбек және әке тұлғасына деген құрметке баулу, әке мамандығына қызығушылық таныту, өз болашақ мамандығын таңдауда тұлғалық қасиеттерді ескеру.
Сабақ барысында оқушылар өз әкесінің мамандығы туралы әңгімелеп, оған арнаған хаттарын оқыды. Әр хатта оқушының шынайы сезімі, мақтанышы мен болашаққа деген арманы көрініс тапты. Сонымен қатар, әке еңбегінің маңыздылығы мен адал кәсібі — оқушыға үлгі болатыны айтылды.
Сабақ оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырумен қатар, мамандық таңдауына да оң әсер етті.
Кәсіби бағдар беруші: Н.М.Адилбекова



