09
октябрь
2025
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-
жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына "Мектеп - парламент" білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде 2025-2026 оқу жылында Мектеп Парламенті құрылды.
Алғашқы қадамымыз 09 қазан күні "Президенттікке сайлау" өткізілді. 135 оқушы дауыс беріп, нәтижесінде 9 "А" сынып оқушысы Әлжан Аружан сайланды.
Жас лидерімізге алдағы жұмысына сәттілік, жаңа бастамалар мен игі істерде табыс тілейміз!
Аружан – белсенділігімен, жауапкершілігімен және үлгілі мінезімен өзгелерге өнеге бола білетін оқушы.




