02
октябрь
2025
«Көркем еңбек» және«Бейнелеу өнері»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу жоспарына сәйкес «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндері өз кестесіне сай өткізіліп жатыр. Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын жетілдіру және көркемдік білімдерін арттыру мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған пәндердің орнына ББЖМ (білім беру бағдарламасының жекелеген модульдеріне) дайындық жұмыстары жүргізілмейді. Барлық сабақтар мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес өткізіліп, оқу бағдарламасына сай жүзеге асырылуда.
