
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 26.05.2025ж күні жазғы лагерьдің ашылуы болып өтті.
Бүгінгі күн – ерекше. Өйткені лагерьдің бірінші ауысымына 1-2 -5 сыныптың кішкентай оқушылары келіп, жазғы қызықтың нағыз көрігін қыздырды!



Таңғы саптадан басталған күн ойын мен шаттыққа толы болды. Балалар көңілді ән айтып, би билеп Әр баланың жанарында – қуаныш, жүзінде – күлкі!

Шығармашылық сағаттар,

Спорттық жаттығулар

Зерделік тапсырмалар...
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығына қарап-ақ, бұл жаздың ұмытылмас болатынына сенімдіміз!

Мақсатымыз – әр бала үшін лагерьдегі әр күнді жарқын естелікке айналдыру. Ата-аналар үшін – сенімді орта, балалар үшін – еркіндік пен достыққа толы демалыс.

Лагерь тек демалыс емес, бұл – достықтың мекені, шығармашылықтың орталығы және бақытты балалық шақтың куәсі!

Алда әлі талай қызықтар күтіп тұр! Жаздың әр күні қуанышқа, бал күлкіге толы болсын!


