31
май
2025
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде экологиялық бағыттағы қоғамдық еңбек акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп аумағындағы ағаштар мен гүлдердің түптері қопсытылып, суарылып, әктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті.
Мектептің үздік оқушылары белсене қатысып, олар өз еңбектерімен қоршаған ортаны күтіп ұстауға үлес қосып, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең түсінетіндерін көрсетті.
Атап айтқанда, алтын белгі иегері Казыбекова Асель, Жиянбеков Бауыржан, үздік аттестат иегерлері және 11-сынып оқушылары табиғатты көркейтуге өздерінің сүбелі үлестерін қосты.



