23
сентябрь
2025
”ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗҒА ХАТ”
”ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗҒА ХАТ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 жалпы орта білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында, Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл толуына орай ерекше мазмұнды “Әскердегі сарбазға хат” атты челлендж өткізілді.
Челлендждің мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға құрмет көрсету. Патриоттық рухты арттыру және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Оқушылар жүрекжарды хаттар мен ашық хаттар жазып, сарбаздарға өз алғыстары мен тілектерін жолдады.


