
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында "Мен оқыған бір кітап" челленджі өткізілді. Бұл іс-шараға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып, өздері оқыған кітаптарының мазмұнын баяндап, бір-біріне челлендж жолдады.