АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
19
март
2025
0

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС

АЗАМАТТЫҚ  ҚОРҒАНЫС 
       №134 жалпы орта білім беретін  мектебінде төтенше жағдайлардың алдын алу  Жер сілкінісі кезіндегі оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлер сондай-ақ, оқушылардың іс- әрекеттерін толыққанды насихаттау бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.  
       Азаматтық қорғаныс саласындағы оқытумен жаттығулардың және бала қауіпсіздігін басты назарға алып, практикалық оқу-жаттығулардың маңыздылығын ескере отырып, техникалық қауіпсіздікпен таныстырылды.  ДОЖЖО
 А. Сапароваға  1-11 сынып жетекшілері сейсможаттығуда қанша оқушы қатысып тұрғаны туралы есеп берді.  Оқу ісінің меңгерушісі А. Сапарова мектеп директоры 
 А.Б. Касжановқа сыныптар туралы мәлімдеме жасады. АӘД пәнінің мұғалімі Пазылов Қуаныш  ағайымыз оқушыларға төтенше жағдайдың қаупі төнген жағдай да орын алатын іс-қимылдар мен сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар барлық сыныптарда азаматтық қоғаныс, төтенше жағдайлар мен жер сілкінісі,  1-11 сыныптар аралығында бірыңғай сейсможаттығу  ұйымдастырылды.
        Мектепте Азаматтық қорғау ұйымы мен құрылымдарының басшылары, мұғалімдер құрамы, техникалық қызметкерлер және оқушылардың жер сілкінісі мен оқыстан келген өзгеде табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік шараларына дайын болуы, сауатты іс-әрекеттер жасауы, сонымен қатар, апатты жағдайда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген  оқу жаттығу жиыны талапқа сай, өз дәрежесінде өткізілді.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив