''Ақберен'' Республикалық өнер байқауы өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында 8-11 сыныптарға арналған шығармашыл оқушыларға арналған ''Ақберен'' Республикалық өнер байқауы 21.10.2025 күні өтті. Қалалық кезеңінен N134 ЖОББМ 7 ''Ә'' сынып оқушысы Серікбай Алуа ''Эссе жазу'' номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды! Жетекшісі: Жунусова Балгул. ''Ұлттық аспапта өнер көрсету'' номинациясы бойынша 8 Б сынып оқушысы Арқабай Сұлтан жүлделі ІІ орынға ие болды!