08
май
2026
«Соңғы қоңырау» мерекесін ұйымдастыру полиция капитаны Б.Қ. Сапарбек 9-11 сынып ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
08.05.2026ж күні №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесін ұйымдастыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны Б.Қ. Сапарбек 9-11 сынып ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмаған оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне, автокөлікпен бақылаусыз серуендеуіне, су айдындары мен ойын-сауық орындарында қараусыз қалуына жол бермеңіздер. Сонымен қатар, мектеп тарапынан ақша жинауға, мұғалімдерге немесе әкімшілікке бағалы сыйлықтар беруге болмайтынын ескертті. Бұл — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданған талаптар. Мерекенің басты құндылығы — баланың жетістігі мен ұстазға деген құрмет. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан мереке кезінде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бірге сақтау керек екендігін айтып өтті.

