09
февраль
2026
“ДосболLIKE” жобасы аясында тренинг өткізілді
“ДосболLIKE” жобасы аясында тренинг өткізілді
Мектебімізде «ДосболLIKE» жобасы шеңберінде 4 “А” - сынып оқушыларымен «Мейірімді сөз ашуды жеңеді» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластық пен жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мейірімділік, ізгілік және құрмет сияқты адами құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық жұмыстарға қатысып, жылы сөздің адам көңіліне әсері, ашуды жеңу жолдары, достық пен татулықтың маңызы туралы түсініктерін кеңейтті.
Тренинг оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.



