01
декабрь
2021
Ел ертеңін ойлаған Елбасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 8 "А" сынып оқушылары 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатып отырған Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.