02
октябрь
2024
ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР⚜️
ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР
«1 қазан-Қарттар күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 7"А"-сынып оқушыларымен бірге аға тәлімгер Л.Калмурзаевамен бірге ауылдағы қарт әжейдің үйіне барып, мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып, домбырамен ән айтты.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болар өзі де,
Үлкен болған кезінде деп үлкен ата-әжелеріміз біздің қазынамыз.Оларды құрметтеп,ақылын тыңдап өскен адам бақытты болады. Қазыналы қарттарымыз аман болсын.
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі-нәр
