18
ноябрь
2025
«Мен және кітап» шығармашылық сағаты
«Мен және кітап» шығармашылық сағаты
№134жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Ұлттық құндылықтар» аясында «Мен және кітап» тақырыбында шығармашылық сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқырманның ой-өрісін кеңейту.
Шығармашылық жұмыста ертегіден, әңгіме, поэмадан алынған сүйікті әдеби кейіпкерді бейнелей отырып оқушылар өз ойларын жеткізді.
Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы, ертегі кейіпкерлерінің суретін салды.
Сурет сала отырып оқушы ақпаратты сақтайды. Кітаптар туралы әдемі суреттер арқылы оқырман өз шығармашылығын ұсынды.
