02
октябрь
2025
“ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
“ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
№134 жалпы орта білім беретін мектебі
Жастардың бойында үлкенді қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, халқымыздың салт- дәстүрінен нәр алуға, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Жоғарғы сынып оқушылары Тынығай апамыздың үйіне барып, мерекемен құттықтап, өздерінің ақ тілектері және әндерімен қарияны тәнтті етті.
Қадірлі қазыналы қариялар мен ардақты ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан «Қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақтылар ауырмай-сырқамай, аман-есен жақындарыңыздың жанында жүре беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақыт тілейміз!
Қариясын сый-құрметке бөлеп, әрқашан ізет көрсететін ұлағатты ұрпақтарыңызбен мың жасай беріңіздер.


