🌿 Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс! 🌿 » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌿 Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс! 🌿
20
сентябрь
2025
0

🌿 Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс! 🌿

🌿 Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс! 🌿
Бүгін  №134 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке атсалысты. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткен бұл шараның басты мақсаты – туған қаламыздың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу және жас ұрпаққа табиғатты аялаудың үлгісін көрсету. 🌍✨
Сенбілік барысында мектеп аумағы мен айналасы, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, талдар түбіне күтім жасалды. Барлығы ұйымшылдықпен еңбек етіп, өз қаламыздың әсем келбетіне үлес қосты.
Осындай игі істер жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз. 💪🌳
Таза орта – салауатты өмір кепілі. Бәріміз бірлесіп еңбек еткенде ғана шынайы нәтижеге жетеміз! ✨


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив