12
май
2025
«Репродуктивті денсаулық» апталығы
«Репродуктивті денсаулық» апталығы
2025 жылдың 12–16 мамыр аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Репродуктивті денсаулық» апталығы салтанатты түрде ашылды.
Ашылу рәсімі барысында репродуктивті денсаулық тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар маңызды мәліметтермен танысты. Мектептің мейірбикесі Смағұл т. өз сөзінде салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, ұрпақты болу жүйесіне қатысты аурулардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
Репродуктивті денсаулық апталығы салауатты және ақпараттандырылған қоғамды қалыптастырудағы маңызды қадам болады. Бұл өзекті мәселелерге назар аударуға және халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
