10
январь
2023
"Алтын тұғыр"
Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы ҚР БжҒМ 2011 жылғы 7-желтоқсандағы №514 бұйрығы және Әдістемелік орталықтың 2022 жылғы 22-қарашадағы №242 ұсыныс хаты негізінде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдері арасында 2022 жылдың 25-қараша күні №52 мектеп-лицейі базасында "Алтын тұғыр" олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Айнаш Сапарова қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.
Мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз. Әрқашан үмітіңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіз. Әрбір арайлап атқан таң Сізге тек қуаныш пен бақыт әкелсін.
