25
ноябрь
2022
Дабыл кезіндегі дайындық ережесі
Қыс – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында №134 жалпы орта білім беретін мектебінде төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарын, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау бөлімшелерімен практикалық іс-қимылдары іс жүзінде пысықталды.
Оқу-жаттығу шеңберінде мектеп аумағында 24 қарашада сағат 09.00-де электр дабылдары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.
Бұл іс-шара «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа жеткізу мақсатында өткізілді.












