14
декабрь
2021
"Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым" тақырыбында тәрбие сағат
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Қазаққа бодандықтан азат деген ат сыйға келген жоқ. Ата бабаларымыз азаттықты сан ғасырлар армандап, тәуелсіздіктің жолында талай тарихи тұлғалар құрбан болды. Бұл күнде шекарамыз нақтыланып, ән ұранымыз шырқалып, мақсатымыз айқындалған бейбіт күн бүгінгі буынның бағына бұйырды. Дегенмен кейінгі жас азаттық күн оңай келмейтінін естен шығармағаны абзал. Мұндағы мақсат Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін шәкірттерге түсіндіру.